Бейбіт Атамқұлов Черногория мен Зимбабвенің жаңа елшілерін қабылдады

Бейбіт Атамқұлов Черногория мен Зимбабвенің жаңа елшілерін қабылдады

Бейбіт Атамқұлов Черногория мен Зимбабвенің жаңа елшілерін қабылдады
ашық дереккөзі
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырған Қазақстанда қосымша міндетін атқаратын Черногорияның Елшісі Рамиз Башич және Зимбабвенің Елшісі Майк Сангоны қабылдады. Кездесу барысында СІМ басшысы сұхбаттастарды елдегі саяси және экономикалық өзгерістерімен, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтарымен таныстырды. Черногория және Зимбабвемен саяси диалогты дамытуға, экономикалық, сауда және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жандандыруға қызығушылық білдірілді. Черногорияның Елшісі екі ел арасында түрлі бағыттардағы жылы және достық қарым-қатынастарды, соның ішінде туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін бар күшін салатынын жеткізді. Тараптар шарт-құқықтық базаны кеңейту мақсатында келесі жылы саяси консультацияларды өткізуге келісті. Р. Башич «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбындағы Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV кеңесіне (2019 жылғы 23-24 қыркүйек, Нұр-Сұлтан қ.) шақыру үшін алғысын білдіріп, Черногория Парламентінің Төрағасы Иван Брайовичтің қатысуын растады. Зимбабве Елшісімен кездесу барысында Зимбабвенің Президенті Эммерсон Мнангагваның ағымдағы жылғы қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласына алғашқы ресми сапарының қорытындысы талқыланды. Зимбабве Президентінің сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру мақсатында екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға келісті, атап айтқанда сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық. Сұхбат соңында сыртқы саяси ведомствоның басшысы жаңа елшілерге дипломатиялық миссияның сәтті болуына тілек білдіріп, олардың қызметі барысында мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастар дамудың жаңа деңгейіне шығады деген үмітін білдірді.