Жаңалықтар

Әскери спортшылар әлем чемпионатына аттанады

ашық дереккөзі

Әскери спортшылар әлем чемпионатына аттанады

Қорғаныс министрлігінің әскери спортшылары Ресейде 20-шы мәрте өткелі отырған бокстан әлем чемпионатына қатысады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.  Әлемдік біріншілікте еліміздің намысын 2017 жылғы бокстан әлем чемпионы атанған кіші сержант Қайрат Ерәлиев және де Қазақстанның екі дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы АОСК-ның мерзімді әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Сәкен Бибосынов қорғайды. Байрақты дода 7 – 12 қыркүйек аралығында Екатеринбургтағы халықаралық аренада өтеді. Осы жылы жарысқа 91 елдің 488 былғары қолғап шеберлері бақ сынайды деп күтілуде. Бұл чемпионат тарихындағы қатысушылар саны жағынан рекордтық көрсеткіш.