Жексенбі, 4 Желтоқсан, 2022

«AIQYN» ГАЗЕТІНЕ ЖАҢА БАС РЕДАКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей «NUR Media» холдингінің «Aiqyn» газеті ұжымына жаңа бас редактор – Нұрмұхамед Байғараевты таныстырды.

Нұрмұхамед Байғараев «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2017 жылы Ұлыбританияның Ланкастер университетінде білім алған (MSc of Project Management).

Ол бірқатар баспасөз басылымдары мен электронды БАҚ-та тәжірибеге ие, сондай-ақ «Aiqyn» газетіне дейін «Егемен Қазақстан» газетінде бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

Әр-түрлі жылдарда «Хабар», «Qazaqstan» телеарналарында продюсер, сценарист және жүргізуші ретінде еңбек етті. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ сараптама және стратегиялық даму департаментінің директоры және «Қазақ радиолары» ЖШС бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Осыған дейін «Aiqyn» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп болды.

Байқау айқын
Байқау айқын
Back to top button