5 Қыркүйек, 15:07 434 0 Өнер Túrkіstan International Political Weekly

Ержан Максим отбасымен Қазақстаннан көшіп кетті

Әнші Ержан Максим отбасымен Мәскеуге көшті. Бұл туралы оның анасы Гүлмира Әлібек мәлім етті.

Г.Әлібектің айтуынша, ұлы Ержан бес жыл бойы Игорь Крутойдың академиясында оқиды. «Осы мерзімге біз де Мәскеуде тұратын боламыз. Бұйырса, бүгін түнде ұшамыз. Ержан академиямен қатар орта мектептегі сабағын жалғастыратын болады. Қазір ол Евровидение байқауына дайындалып жатыр», - деді БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар