Тимур Сүлейменов: Барлық салада оң өзгеріс болады

Тимур Сүлейменов: Барлық салада оң өзгеріс болады

Тимур Сүлейменов: Барлық салада оң өзгеріс болады
ашық дереккөзі
– Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі ұстыны –  «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» құру, азаматтар, бизнес және мемлекеттік аппарат арасында тиімді өзара іс-қимылды жолға қою. Жолдау аясында шағын және орта бизнесті қолдау жүйесін қайта жандандыру мә­се­лесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл ретте жаңа жобаларға басымдық беріліп, жаңа жұмыс орындары құрылып, қо­сым­ша салық түсімдерін арттыру маңызды. Бұған қоса, отбасылық шағын және ұсақ бизнестердің ашылуын ынталандыруға, көп­балалы аналардың үйде отырып жұ­мыс істеуіне жол ашуға екпін түсіру ке­рек. Шағын және орта бизнесті, әсіресе, жоғары өнімділікті, сондай-ақ, экспортқа бағытталған өндірушілерді қаржылық, салықтық және әкімшілік ынталандыру шараларын жүзеге асыру қарастырылған. Агроөнеркәсіптік кешен секторында суармалы егіс аудандарын арттыру жұмы­сын жандандыру, ауыл шаруашылығы ши­кізатын өңдеу үлесін ұлғайту, сонымен қатар экономикалық айналымға қайта тарту үшін пайдаланылмай жатқан жерлерді кері алып қою жөнінде тапсырма берілді. Ел Президенті квазимемлекеттік сектордың тиімділігін арттыру, мемлекеттік кәсіпорындар санын қысқарту, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін одан ары жақсарту, әсіресе, табиғи монополистер қызметінде және әлеуметтік маңызды тауарлардың жекелеген нарықтарында баға қалыптастыру ісін тәртіпке келтіру мәселелеріне жеке тоқталды. Сондай-ақ, азаматтар мен бизнестің рейдерлік фактілерінен, жекелеген шенеуніктердің оз­быр­­лығынан немесе әрекетсіздігінен қор­ға­луын күшейтуге бағытталған заң­на­малық нормалар енгізілетін болады. Әлеуметтік қамсыздандыру сала­сын­дағы маңызды бастамалар – мүгедектерді қол­дауды күшейту, балалар құқығын қорғау, бұқаралық спортты дамыту, ха­лықтың аз қамтылған бөлігі үшін бас­па­наның қолжетімділігін арттыру, әрбір нақты елдімекендегі көкейкесті инфра­құры­лымдық мәселелерді шешу. 2020 жыл­дан бастап, педагогтердің жалақысы 25 пайызға көтеріледі. Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру параметрлерін анықтайды. Сондай-ақ, зейнетақылық активтерді тиімді басқару міндеті қойылды. Мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмектің әділетті әрі ынталандырушы жүйесін түзу қажет­ті­лігін ерекше атап өтті. Ондай көмек соған мұқтаж адамдарға ғана ұсынылуы тиіс.

Тимур Сүлейменов,  

Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары