АҚЫН ЖАРЫМЕН ҚОШТАСУ...
АҚЫН ЖАРЫМЕН ҚОШТАСУ...
«... Бар ғой, алғашқы өлеңдері, маған жазған хаттары түгел сақтаулы. Бірақ оны жариялауға бере бермеймін, өзім де естелік-сыр жазсам ба деген ойым бар, денсаулық көтеріп шамам келсе, – деді ол кісі көзіне жас алып.
Мен одан сайын қызыға түстім. Екі сағатқа созылған қызықты әңгімеден кейін ғана ақын жары келіскен сыңай танытты...»
Бұдан жиырма жыл бұрын жыр сүйер қауымға есімі етене таныс Жұмекен ақын Нәжімеденовтің жары Нәсіп апаймен болған сұхбат осылай басталыпты. Еш жерде жарияланбаған ақынның алғашқы ғашықтық хаттары сол кезде газет оқырмандарына жол тартқан еді.