Ахмет туған үй қараусыз қалды

Сондай-ақ!

Шымкентте жоғалған 12 жасар қызын Таразға іздеп келген әйел полицияға видео жолдады (видео)

Шымкенттік полицейлер қала аумағында жоғалған 12 жастағы қызды Тараз қаласынан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2020 жылғы 26 қарашада «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны...

БҚО-да бір жыл бойы киік мүйізін сатумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Батыс Қазақстан облысында киіктерді заңсыз аулап, мүйіздерін сатумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді. «ІІМ...

3000 жыл бұрын жасалған құнды артефакт табылды

Иерусалимде Биньямин Милт есімді тоғыз жасар бала кездейсоқ ежелгі артефактіні - 3000 жыл бұрын жасалған алтын моншақты тапты.  Temple Mount Sifting Project сайтында моншақтың Иерусалимнің...

«Анасы қайда қараған?»: қақаған қыста жол бойында киімсіз жүрген бала табылды

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында трассадан жасөспірім бала табылды. Семей қалалық Полиция басқармасының мәліметінше, 28 қарашада сағат 16.28-де «102» арнасына қоңырау шалған тұрғын Қарағайлы көшесінде...

5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні және 2017 жылғы  31 қазаннан бері ҚР Үкіметінің арнайы қаулысымен бекітілген Қазақстан халқы тілдері күні.

1872 жылғы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Ақкөл ауылының Сартүбек атырабында дүниеге келген Ахмет Байтұрсынұлы – алты алаш ұлысына аты шыққан дегдар. Сан қырлы санаткердің жазған теориялық тұжырымдары мен ойлары уақыт өткен сайын туған елінің қажетіне жарап келеді. Өзі өлсе де, сөзі өлмеген асыл бабаның рухына көрсетер перзенттік парыз жағына келгенде, бүгежектеп қалатынымыз бар. Мәселен, ұлы тұлғаның 125 жылдық мерейтойы қарсаңында қайтадан қалпына келтірілген Ахаң туған үйдің бүгінгі ұсқыны адам көргісіз кейіпте. Үйдің маңындағы 300 метрлік жерде Бай­тұр­сын әулетінің қорымы бар. Сол қорымды қоршап тұрған темір шарбақтардың көбін ел-жұрт пайдасына жаратқан сияқты. Ал үйдің сылағы түсіп, ажары қашқан. Егер ораз­ды елдің баласы болсақ, сол үйді жайнатып, бөлмелеріне сөре қойып, арнайы экспозиция жасақтайтын едік. Ахметтің балалық шағы, өскен ортасы, ата-тегі, бауырлары туралы мәліметтер топтастырылса, өркениетті мемлекеттердегі «Ашық аспан астындағы музей» дейтін сондай-ақ болар тегі.

«Өлі риза болмай, тірі байымас» дегенді ескеріп, аруағы шалқар бабаның рухына шынайы құрмет көрсетіп, оның туған үйін тағы да күрделі жөндеуден өткізіп,  игілігі мол мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ла­ма­сының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары»  жобалары аясында тозығы жетіп, жазуы өшкен белгітасты жаңартса және бала Ахмет пен айдауға ұшыраған Бай­тұр­сын­ның өмір жолынан хабар беретін компо­зи­циялық ескерткіш орнатса болар еді. Мысалы, ақынның мына бір өлеңіндегі оқиға: «Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп, Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам». Бұл өлең әкесі Байтұрсынның елді қинап, жерін алған озбыр ояз Яковтың басын жарып, 15 жылға Сібірге айдалғанында жазылған екен. Бала Ахмет әкесінің айдал­ға­нын өз көзімен көрген еді. Дәл сол тарихи үйдің маңында он үш жасар бала Ахмет пен қайсар мінезді Байтұрсынның ескерткіші тұрса қандай жақсы!

2022 жылы ұлы ағартушы, біртуар саңлақ Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы. Иек астында тұрған ертеңіміз үшін осынау тарихи үйді, оның айналасындағы ата бейітті мемлекет қорғауына алып, жан­ашыр­лық танытсақ игі еді. Сосын «Му­зей­лер қаласы» атанған Торғай ауылы мен Сартүбек атырабын жал­ғап жатқан ескі жолды жөндесе, Ахмет туған топыраққа еш қиындықсыз жетер едік. Әйтпесе бұл жерге жету деген қиямет қайымның нақ өзі. Жер құрғақта ғана болмаса, ауа райы мінез танытқан басқа мезгілдерде бару мүмкін емес. Саналы ғұмырын ұлты­ның келешегіне ба­ғыш­таған, қара басының қамын емес, азапты елінің тағдырына алаң­да­ған, сол сорлы елін алып ұлысқа айналдырамын деп жүріп оқ құшқан қайран арыс туған топыраққа дүйім ел болып құрмет көрсете алмасақ, «сүйекке түскен таңба» болмайтын ба еді?!

Ахмет Байтұрсынұлының Алматы қаласында тұрған үйінің де жағ­дайы мәз емес. Бүгінде тұлғаның му­зей-үйі болып тұрған бұл тарихи нысанның әлі күнге дейін республи­калық музей мәртебесін ала алмай жүргені және мемлекеттік бюджет балансына енбей, жеке меншік болып тұруының өзі ұят! Музейдің кү­ту­шісінен басшылығына дейінгі ма­ман­дардың бәрі де осы мәселені кө­терген сайын олардың жанай­қай­ын еститін жөн болмай тұр. Өкі­нішті!

Ахмет туған үй қараусыз қалды
Ахаң сабақ берген Қостанайдағы екі сыныптық училище ғимараты

Жуырда Қостанай қаласында тұратын белгілі ғалым, Ахмет Бай­тұр­­сынұлы университетінің профессоры Алмасбек Әбсадық: «Қостанайда Ахаң сабақ берген екі сыныптық училище ғимараты бар. Ол осы біз­дің оқу орнына жақын. Онда қазір көр­кем өнер мектебі орналасқан. Бұл ғимаратты университет балансына беру туралы қалалық әкімдікке хат жаздық. Әзірше жауап жоқ. Біз­дің мақсатымыз – бұл жерді Ахаң­ның мұражайына айналдыру. Онда жалғыз Ахаңа қатысты емес, Тобыл-Торғай өңірінің талантты тұлға­ла­ры­ның мұражай-галереясын жасасақ деген ой бар. Өйткені, Қостанайдан шыққан Социалистік Еңбек ері, саңлақ актер Серке Қожамқұлов, актер Қапан Бадыров, мүсінші Хәкім­жан Наурызбаев, оқымысты ғалым­дар Манаш Қозыбаев, Асқар Закарин, композитор Әбілахат Еспаев, Бақыт­жан Байқадамов сияқты есіл ерлер­дің есімдері елеусіз жатыр» деп айтып еді. Және алаштанушы-ғалым ағамыз тарихи ғимараттың суретін де жіберген болатын. Ғима­рат қаланың қақ ортасында орна­лас­қан. Егер Қостанай облысының әкім­дігі осы ғимаратты Ахмет атындағы оқу орнының балансына берсе, дәл осы үйде Ахмет және қостанайлық арыс­тар музейі ашылса, қала мәде­ние­тінің келбетіне айналары сөзсіз.

Сондай-ақ, Қарағанды облысы, Қар­қаралы ауданына қарасты Ақ­те­рек деген ауылда Ахмет ашқан мектеп әлі күнге дейін сақталып тұр. Бұл мектепте қазір ауылдық кітапхана орналасқан екен. Осы ғимаратты да мемлекет қорғауына алып, белгітас орнатып, музей ретінде ашу керек. Дәл осы мектеп Ахаңның ізі қалған, бала оқытқан жері. Ахмет Байтұр­сын­ұлы ғұмырбаянының Қарқаралы кезеңіне қатысты деректер мен мұ­ра­ларды осы музейге топтастырып, жинаса бір олқылықтың орны толар еді. Әрине, бұл ойымызды Қарқаралы ауданының басшылығы ескерсе…

Осы біз Ахмет Байтұрсынұлын мың­жылдық дәуір адамы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының теориялық негізін қалаған реформатор ғалым, ойшыл, қайраткер деп дәріптейміз, мақтанамыз, бірақ неге оны іс жүзінде құрметтеуге, рухына тағзым етуге келгенде аянып-ақ қаламыз?! Бұл елдігімізге, қазақты­ғы­мызға сын болар!

 

Елдос ТОҚТАРБАЙ

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Президент телефон нөмірін жариялады

Венесуэла президенті Николас Мадуро өз нөмірін жариялап,  өзін мессенджерлердегі топтарға қосуды өтінді....

«Карантин!» Қай өңірлер «қызыл» және»сары» аймаққа енетіні жарияланды

Қазақстанда коронавирус инфекциясының қай өңірде қандай деңгейде таралып жатқандығы туралы тың мәліметтер...

Шымкентте жоғалған 12 жасар қызын Таразға іздеп келген әйел полицияға видео жолдады (видео)

Шымкенттік полицейлер қала аумағында жоғалған 12 жастағы қызды Тараз қаласынан тапты, –...

БҚО-да бір жыл бойы киік мүйізін сатумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды

Батыс Қазақстан облысында киіктерді заңсыз аулап, мүйіздерін сатумен айналысқан екі қылмыстық топ...

Сауалнама: Ел тұрғындарының 72,3% «Nur Otan»-ға дауыс беруге бекінген

Еуразиялық интеграция институты 2020 жылғы 20 қазаннан 5 қараша аралығында сайлаушылар арасында...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...