Жаңалықтар

Қыдырәлі Болманов Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

ашық дереккөзі

Қыдырәлі Болманов Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

Әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы министрлік хабарлады. Министрліктің мәліметінше, Қыдырәлі Болманов Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың мәдениет саласы бойынша кеңесшісі болып тағайындалған. Қыдырәлі Болманов Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазақстан жастар одағы сыйлығының және Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты. АБК, «Ұлытау» топтарының және әнші Қарақат Әбілдинаның продюсері. Ол 2005 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласының мәдениет департаментінің директоры болған. Одан кейін 2008 жылы Астана қаласының мәдениет департаментін басқарды. Айта кетейік, кеше танымал әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.