4 Қыркүйек 2019, 19:15 473 0 Спорт Túrkistan Gazeti

Отандық балуандар UWW рейтингінде үздік төрттікке енді

Біріккен күрес әлемі (UWW) Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионаты қарсаңында балуандар рейтингін жаңартты деп жазады Olympic.kz. 

Грек-рим күресінен 67 келіде белдесетін Мейіржан Шермаханбет өз салмағындағы үздік төрттікке енді. Бұл салмақта ресейлік Артем Сурков көш бастап тұр.

Еркін күрестен рейтингтегі ТОП-4 қатарында Нұрислам Санаев пен Нұрғожа Қайпанов бар. 57 келідегі Нұрислам Санаев төртінші орында тұр. Ал Нұрғожа Қайпанов өз салмағында екінші сатыда.

Әйелдер күресінен Марина Седнева (55 келі), Айна Теміртасова (65 келі) және Жәмила Бақберген (72 келі) рейтингте жоғары көрсеткішке ие. Балуан қыздардың барлығы да әлемдік рейтингтің екінші сатысына орналасқан.

Соңғы жаңалықтар