Соңғы сегіз ай ішінде елордада 377 өрт болған
Соңғы сегіз ай ішінде елордада 377 өрт болған
2019 жылдың сегіз айында астанада 377 өрт болып, нәтижесінде 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
ТЖД-нің мәліметіне сәйкес, елордада өрттің 56%-дан астам жеке сектордағы жер үйлерде орын алады. Алдағы жылыту маусымының алдында департамент қызметкерлері тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің ержелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Өрт қауіпсіздігі туралы түсіндіру акциясы аудандық әкімдіктер мен полицейлермен бірлесіп жүргізіледі.
«Жыл сайын жеке сектордағы үйлерді аралап, рейд жүргіземіз. Акця барысында тұрғындарға қауіпсіздік шараларын ескертеміз. Көп адамдар өрт бізді айналып өтеді деп ойлайды. Өкінішке қарай, мұндай салғырттықтың соңы қайғылы оқиғаға әкеліп жатады», - деді Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-нің басқарма басшысы Орал Әбдірахманов.
Департамент өкілінің айтуынша, жылыту маусымы басталмас бұрын жылыту құралдарының дайындығын тексеріп алған жөн. Пештің мұржасын тазалап, электр желілерінің жағдайын тексерген абзал, дейді мамандар.