Жаңалықтар

Алматы тауларында жарақат алған екі әйел құтқарылды

ашық дереккөзі

Алматы тауларында жарақат алған екі әйел құтқарылды

Төтенше жағдайлар саласының өкілдері Алматы тауларында жарақат алған екі әйелді құтқарды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Республикалық жедел құтқару жасағы» ММ-нің баспасөз қызметі. Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, жаздың соңғы күндері Алматы қаласынан келген екі туристің есінде қалады. 30 тамызда ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті ЖК «РЖҚЖ» ММ жедел кезекшісінің пультіне таудағы жазатайым оқиға туралы ақпарат келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, Кимасаров шатқалында әйел аяғын зақымдап алып, өз бетімен жүре алмай қалған. «Аталған ауданға жедел-құтқару тобы аттанды, өйткені жарақт алған ійел тұрақтаған аймақтың бағыты белгілі болған. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде зардап шеккен адам жол үстінде отырған. Ол сирақ сүйегінің ауыруы салдарынан, аяққа тұра алмаған. Құтқарушы-медиктің алдын ала диагнозы бойынша сапар барысында әйел аяғын қайырып алған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен құтқарушылар зардап шеккен адамды арнайы көлікке жеткізді»,-делінген хабарламада. Келесі күні кезекші бөлімге тауда аяғын қайырып алған қыз туралы ұқсас ақпарат келіп түсті. Алайда бұл жолы оқиға Көк Жайлау шатқалы аумағында болған. Бұл әуесқой тау туристерінің арасында өте танымал орын. Әр демалыс күні бұл жерде жыл мезгіліне қарамастан 100-ден 400-ге дейін адам өтеді, сондықтан маршрут өте күрделі емес, ал аймақтыі көркіне көз тояды. Осындай жағдайға қармастан мұнда ткелушілердің жарақат алу жағдайлар көп. «Бұл жолы да, соқпақ учаскесінің ылғалдылығына байланысты, турист қыз тайғақ жермен өткенде, аяғын тірей алмай, құлап кеткен. Құтқарушылардың жедел тобы аталған  қызды тез тапты. Құтқарушылар зардап шеккен адамды қарап шықты, дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсетті. Зардап шеккен адам медбикелерге жеткізіліп,  қыздың сирағы сынғаны анықталды»,-делінген баспасөз мәліметтерінде.