Швецияда қазақ кинолары көрсетілді

3 қыркүйек, 2019 / Túrkistan Gazeti
ашық дереккөзі
Швецияда қазақ кинолары көрсетілді «Қазақфильм» киностудиясы Швеция Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының елшілігі және «Швециядағы Қазақстан жастары» ұйымымен бірлесе отырып, Стокгольмде 28 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Қазақ киносының фестивалін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақфильм» киностудиясының хабарлауынша, аталған мәдени іс-шара Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» фильмімен ашылған. Бұл тарихи кинотуындыны көрермендерге фильмде басты рөлді сомдаған актриса Алтынай Нөгербек таныстырды.