Жаңалықтар

Лимон мен банан Оңтүстік Қазақстанда да өсірілуде

ашық дереккөзі

Лимон мен банан Оңтүстік Қазақстанда да өсірілуде

Оңтүстік Қазақстанда лимон мен банан өсіп жатыр. Шаруалардың жылыжайда көкөністермен қатар лимон және банан өсәруді қолға алғандығын 24.kz арнасына сілтеме жасай отырып  Tengrinews.kz сайты хабарлады.

Оңтүстікқазақстандық шаруалар тропикалық жеміс ағашының көшетін өздері қолдан көбейтіп, одан мол өнім жинай бастапты. Қазығұрт ауданы шаруаларының айтуынша,  Оңтүстік Қазақстан облысы бірнеше жыл ішінде  ішкі нарықты толықтай отандық өніммен қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта шаруалар алғашқы өнімдерін Ресей мен Қазақстан нарығына жөнелтіп те үлгерген. Алайда тропикалық жемістердің өз жерімізде өсірілгенін дәлелдеу шаруалар үшін біраз қиындық туғызған көрінеді.

Телеарнаға берген сұхбатында «Даян» шаруа қожалығының құрылтайшысы Манатәлі Таңсықбаев: «Көбі сенбейді. Сонда телефонға түсіріп алғанымды көрсеттім, сонда ғана сенді. Өзіміздің өнімді қолдайық деп алып жатыр. Қызанақ пен қиярға деген сұраныс азайып, бәсекелестік артқан сәтте бірден лимон өсіруге көштік. Тұрған сайын қызара береді. Бұны тергеннен соң, жәшікке салып, кленкамен жауып қойсақ, сарғаяды. Бір ағаштан 30-35 келіге дейін өнім алғанбыз. Қазір де алып жатырмыз. Жалпы 6 жылдан кейін бір ағаш 100 келіге дейін өнім береді», – деді.

Бүгінде шаруалар өнімділігі жоғары лимон көшетін өздері жергілікті жерге бейімдеп өсіруде. Шаруалардың айтуынша, лимонның көшеті ыстыққа да, суыққа да төзімді екен.