Жаңалықтар

ForteBank пен «Барыс» хоккей клубы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

ашық дереккөзі

ForteBank пен «Барыс» хоккей клубы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

ForteBank пен "Барыс" хоккей клубы 2019-2020 жылғы ойын маусымына серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім жасады. Құжатқа ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили мен "Барыс" хоккей клубының президенті Борис Иванищев қол қойды. Екі ведомствоның басшылары бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылап, ынтымақтастық шеңберіндегі даму перспективаларын белгіледі. "Барыс" хоккей клубы ForteBank-ті негізгі банк ретінде таңдап, толығымен қызмет көрсетуге көшті. "Біздің қызметіміздің маңызды бөлігі әлеуметтік жобаларды қолдауға бағытталатыны белгілі. Соның ішінде балалар мен жастар спортын дамытуға күш саламыз. Хоккей – командалық рухпен, тәжірибемен және шеберлікпен ұштастыра, күш пен төзімділікті талап ететін ең жылдам және техникалық спорт түрлерінің бірі. Біз елордалық команданың әр қадамын қадағалаймыз, өркендегенін тілейміз. Біз жаңа маусымның жарқын және қызықты болатынына, ал ForteBank қаржылық қолдауы ойыншыларға мұздағы жеңістерде көмектесетініне сенімдіміз", - деп түсіндірді ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили. 2019 жылдың 3 қыркүйегінде "Барыс" ҚХЛ (Құрлықтық хоккей лигасында) он екінші маусымында өнер көрсетеді және дәстүрлі чемпионатта 62 матч өткізеді. Клубтың бас жаттықтырушысы – белорусьтық маман Андрей Скабелка. Ең қуаныштысы, биылғы хоккей маусымында "Барыс" 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. "Барыс" хоккей клубы біздің ұжымның жаңа серіктесі – ForteBank-ті зор ілтипатпен қарсы алады! Біз, барыстықтыр, хоккей, спорт және салауатты өмір салты брендін ілгерілету тұрғысынан қаржы ұйымымен мүдделеріміз сәйкес келетініне қуаныштымыз. Бүгінгі таңда ForteBank Қазақстандағы сенімді банктердің бірі ретінде танылды. Бұл банк ұжымы уақыт талабына сай өз клиенттеріне де сүйіспеншілікпен және ықыласпен қарайды! Біз бірлесіп, жанкүйерлер үшін көптеген қызықты жобалар мен акциялар жасай аламыз деп үміттенемін",- деп атап өтті "Барыс" хоккей клубының президенті Борис Иванищев. "Барыс" – ҚХЛ-да Қазақстанның намысын қорғайтын жалғыз хоккей топ-клубы. ҚХЛ-да ойнаған он бір маусымда "Барыс" плей-оффқа тоғыз рет шығып, Шығыс конференциясының ширек финалына үш рет келіп, Чернышев дивизионының жеңімпазы атанды (2013-2014, 2018-2019 маусымдары). Бұдан б-лек, "Барыс" хоккей ұжымы шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының негізгі клубы болып табылады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша ForteBank активтер көлемі бойынша Қазақстанның ірі банктерінің үштігіне кірді және капиталдандыру және өтімділік деңгейі бойынша жетекші орында тұр. ForteBank мобильді қосымшасы Қазақстанда №1 және ресейлік Marksweb талдау агенттігінің нұсқасы бойынша ТМД-да ең үздік 10 жоба деп танылды. Екінші жыл қатарынан ForteBank The Banker және Global Finance нұсқасы бойынша "Қазақстандағы жыл банкі" деп атанды.