Криштиану Роналду байлығын кімнің атына жазып қалдырмақ?

Криштиану Роналду байлығын кімнің атына жазып қалдырмақ?

Криштиану Роналду байлығын кімнің атына жазып қалдырмақ?
ашық дереккөзі
Туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду жазатайым көз жұмған жағдайға мұралық құжат толтырды, - деп хабарлайды AS порталы. Басылым мәліметінше, 34 жастағы футболшы Лиссабонда адвокаттармен кездесіп, құжаттың егжей-тегжейін талқылаған. Португалиялық спорт жұлдызының жиғанына басты үміткер оның сүйіктісі Джорджина Родригес. Алайда оның бәрін футболшының анасы Долорес Авейру қадағалауда ұстайтын болады. Қазіргі таңда Роналду жиған қаржы көлемі 300 миллион еуро шамасында. Өзінің сүйіктісімен португалиялық 2018 жылдық қарашасында некелескен. Ал оған дейін Родригес пен Роналду қызды болған еді.