Жаңалықтар

Оралда жеңіл автокөлік өртеніп кетті

Оралда жеңіл автокөлік өртеніп кетті

Оралда жеңіл автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 1 қыркүйек күні Сарыарқа көшесі 51-мекенжайында сағат 06.26-да орын алды. «Volkswagen Sharan» автокөлігінің мотор бөлігі жанған. Өртті сөндіруге 7 адам, 1 техника жұмылдырылды. «Тілсіз жау» 07.02-де ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталуда. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, автокөлік 5-6 минутта жанып кетеді және көбінесе көлік иесінің көзінше болып жатады. Мұның негізгі үш себебі бар: 50 пайызы қысқа тұйықталудан, 30 пайыздайы қасақана от қоюдан және 20 пайыздайы қосалқы бөлшектердің тозуынан болады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да колледж ғимаратының опырылып түскенін жазған болатынбыз.