Қыркүйек айындағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
Қыркүйек айындағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
Қыркүйек айында қазақстандық спортшыларды бірнеше ірі халықаралық жарыс күтіп тұр. Әсіресе, күрес түрлерінен әлем чемпионаты мен бокстан ерлер арасындағы әлем біріншілігін жанкүйерлер қауымы асыға күтетіні рас. Осы орайда, Olympic.kz күздің алғашқы айында еліміз бен шетелдерде өтетін ірі спорттық оқиғалар кестесін назарларыңызға ұсынады.
Қазақстанда өтетін турнирлер:
Волейболдан ҚР кубогі, 02-09 қыркүйек, Өскемен;
Садақ атудан Қазақстан чемпионаты, 04-11 қыркүйек, Талғар;
Академиялық есуден Қазақстан кубогінің кезеңі, 06-08 қыркүйек, Павлодар;
Көгалдағы хоккейден ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты, 09-19 қыркүйек, Талдықорған.
Ат спортынан өтетін турнир, 11-16 қыркүйек, Алматы;
Волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан кубогінің финалы, 14-22 қыркүйек, Өскемен;
Регбиден Қазақстан чемпионаты, 15-25 қыркүйек, Талдықорған;
Бадминтоннан жастар арасындағы ел біріншілігі, 18-24 қыркүйек, Қостанай; Ат спортынан Қазақстан кубогі, 20-22 қыркүйек, Талғар;
Нысана көздеуден Қазақстан кубогінің финалы, 24-30 қыркүйек, Алматы;
Көркем гимнастикадан Қазақстан кубогі, 25-30 қыркүйек, Қарағанды;
Үстел теннисінен Қазақстан ашық чемпионатының үшінші айналысы, 26-29 қыркүйек, Алматы;
Каратеден Қазақстан чемпионаты, 26-30 қыркүйек, Шымкент;
Волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан кубогінің финалы, 28 қыркүйек – 6 қазан;
Үстел теннисінен «Оңтүстік астана» турнирі, 30 қыркүйек – 3 қазан, Алматы.
Халықаралық турнирлер:
Тректегі велоспорттан Гран-при турнирі, 03-07 қыркүйек, Омск (Ресей);
Қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты, 03-09 қыркүйек, Будапешт (Венгрия); Каратеден Премьер-лига, 04-09 қыркүйек, Токио (Жапония);
Маунтинбайктан рейтингілік турнирлер, 04-27 қыркүйек, Түркия, Израиль, Румыния, Хорватия;
Жағажай волейболынан 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі, 07-15 қыркүйек (Мальдив аралдары)
Таеквондодан халықаралық Гран-при турнирі, 8-18 қыркүйек
Бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты, 9-21 қыркүйек, Екатеринбург, (Ресей); Регби-7 спортынан Азия сериясы, 13-16 қыркүйек, Хойчжоу (Қытай);
Күрес түрлерінен әлем чемпионат, 14-22 қыркүйек, Нұр-Сұлтан;
Үстел теннисінен Азия чемпионаты, 14-22 қыркүйек, Джакарта (Индонезия);
Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты, 18-27 қыркүйек, Патайя (Тайланд);
Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты, 16-22 қыркүйек, Баку (Әзірбайжан);
Каратеден А сериясы халықаралық турнирі, 18-23 қыркүйек, Сантьяго (Чили); Дзюдодан Гран-при турнирі, 19-23 қыркүйек, Ташкент (Өзбекстан);
Батуттағы гимнастикадан әлем кубогі кезеңі, 19-23 қыркүйек, Хабаровск (Ресей);
Ат спортынан халықаралық турнир, 19-30 қыркүйек, Ратомка (Беларусь);
Стенд атудан Азия чемпионаты, 20-30 қыркүйек, Алматы облысы;
Гандболдан Азия чемпионаты, 21-29 қыркүйек, Қытай;
Велоспорттан әлем чемпионаты, 22-29 қыркүйек, Харрогейт/Йоркшир (Ұлыбритания);
Байдарка мен каноеде слаломды есуден әлем чемпионаты, 22 қыркүйек – 3 қазан, Ла Сеу Де Уржель (Испания);
Дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты, 25-28 қыркүйек, Алматы; Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты, 27 қыркүйек – 05 қазан, Доха (Катар).