Талғарлық белсендіге шабуыл жасады деп күдіктелген әкім қамауға алынды

Талғарлық белсендіге шабуыл жасады деп күдіктелген әкім қамауға алынды

Талғарлық белсендіге шабуыл жасады деп күдіктелген әкім қамауға алынды
ашық дереккөзі
Алматы облысында белсенді Галина Арзамасоваға шабуыл жасау ісі бойынша күдіктілер қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Бұл туралы Алматы облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді.  "30 тамызда Талғар аудандық соты зардап шеккен Галина Арзамасова ісі бойынша екі күдіктіні бір айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы тағайындалды", - деді ведомство өкілдері.  Айта кетейік, 26 тамызда Алматы облысында белсендіге оқ атылған. Алматы облысында қоғам белсендісі Галина Арзамасоваға оқ атқан күдіктілер ұсталды. Полициядағылардың мәліметінше, белсендіге оқ атты деген күдікпен Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов аудандық округінің әкімі Аппазов Нұрғали Әділбекұлы мен оның жүргізушісі Сманов Ғани Хамидинұлы ұсталған.