Жаңалықтар

БҚО-да колледж ғимараты опырылып түсті

ашық дереккөзі

БҚО-да колледж ғимараты опырылып түсті

Бәйтерек ауданында колледж ғимараты опырылып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 12.30-да Калинин ауылы Киров көшесі 19-мекенжайында орын алды. Зеленов колледжінің 1980 жылы салынып, тозған үш қабатты №5 корпусының бір бөлігі опырылып құлаған. Оның аумағы 80 шаршы метрді құрады. «Құрылысконсалтинг» ұлттық орталығы сарапшы комиссиясының 2015 жылғы 28 тамыздағы №41 қорытындысына сәйкес аталған ғимарат апатты жағдайда деп танылып, онда оқу тоқтатылған болатын. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. «Қазіргі кезде  ғимаратты бұзу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалуда», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.