Жаңалықтар

Астанада пәтер ұрлығымен айналысқандар құрықталды

ашық дереккөзі

Астанада пәтер ұрлығымен айналысқандар құрықталды

Астана полицейлері пәтер және автокөлік ұрлығымен айналысты деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының үш тұрғыны қолға түсірді.  Бұл туралы Астананың ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында қолға түскен шығысқазақстандық азаматтар 24-25 жас аралығында. Күдікті азаматтар бұған дейін Астана қаласында жалдамалы пәтерде тұрған. Құқық қорғау қызметкерлері күдіктілердің екеуі бқған дейін де сотталғанын анықтап отыр. Бұған дейі елордалық полицейлерге 2 желтоқсан күні 42 жастағы Астана қаласының тұрғыны белгісіз біреулердің үйіне ұрлыққа түсіп, құны 1 миллион 600 мың теңгені құрайтын жеке мүлкін қолды қылғаны туралы шағым түсірген. Арада бір күн өткенде, яғни, 3 желтоқсан күні Есіл аудандық Ішкі істер басқармасына елордалық азаматша автокөлігінің бүйір әйнегін сындырып, 300 мың теңге тұратын мүлкін ұрлағаны туралы хабар беріпті.

Қазір астаналық полиция қызметкерлері ұстаған күдікті азаматтардың 3 ұрлықты пәтерден және 7 ұрлықты автокөліктен жасағанын анықтап отыр. Ұрлаған зарттар мен алтын бұйымдарды азаматтар ломбардтарға төмен бағада тапсырыпты. Қазіргі уақытта бұл азаматтарға қатыста ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі өндіріс жүргізілуде. Ал күдіктілер әзірге тергеу изоляторында қамауда. Іске кіріскен полицейлер қолға түскен күдікті азаматтардың осындай қылмыстық істерге қатысы барын тексеріп жатыр.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 11 айында Астана қаласының Ішкі істер департаменті криминалдық полициясы пәтер ұрлығымен айналысқан 20-дан астам қылмыстық топты қолға түсірген болатын.