Жаңалықтар

«Арыстанда» алғашқы қоңырау соғылды

ашық дереккөзі

«Арыстанда» алғашқы қоңырау соғылды

«Арыстан» мамандандырылған лицейінде дәстүрлі алғашқы қоңырау 2019 жылы 2 қыркүйекте лицей алаңында соғылды. Алғашқы қоңырау үні үлкен үмітпен келген жас жүректерді білім шұғыласына бөлеп, алтын ұяларымен қауыштырды, сағыныш сезіміне бөледі. Лицей – заманауи білім беру кешені. Ол 2011 жылы «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру Қоры» Қоғамдық қорының аясында құрылған. Алматы облысы, Талғар ауданының табиғаты әсем Бесқайнар ауылының аймағында орналасқан. Қазақстанның барлық өңірінен келген 9-11 сыныпта оқитын 240 жасөспірімдер мұнда қайырымдылық негізінде білім алады. Алдыңғы бітіруші түлектеріміз қазақстандық және шетелдік әскери оқу орындарында өз білімдерін абыроймен жалғастыруда.