Жаңалықтар

Асқар Шәкіров жаңа қызметке тағайындалды

ашық дереккөзі

Асқар Шәкіров жаңа қызметке тағайындалды

Асқар Оразаұлы Шәкіров Сенат төрайымының орынбасары атанды.  «Маған берілген құқықты пайдалана отырып, ол қызметке Асқар Оразаұлы Шәкіровты ұсынамын. Оны жақсы білесіздер. Көп жылдар бойы әртүрлі саяси лауазымдарды атқарып келді. Атап айтқанда, Сырты істер министрінің орынбасары, ҚР адам құқықтарын қорғау уәкілі қызметтерін жоғары дәрежеде атқарды. Ағылшын, қытай тілдерін меңгерген білікті әрі білімді маман. Оның мол тәжірибесі Сенат төрағасының орынбасары лауазымына өте пайдалы әрі қажет деп ойлаймын», - деді Дариға Назарбаев Партамент Сенатының отырысында.  Осыдан кейін ашық дауыс беріліп, Сенат төраағасы орынбасарлығы дауысқа салынды. Сенаторлар кандидатты бір ауыздан қолдады. «Құрметті депутат мырзалар! Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы! Осы жоғары лауазымда мені қолдағандарыңыз үшін зор ризашылығымды білдіремін. Өзім үшін ерекше сенім деп қабылдаймын. Мен үшін бұл - жоғары мәртебе әрі зор жауапкершілік. Өзіме жүктелген міндеттерді атқаруға бар күшімді саламын. Елбасының сенімінің арқасында жылдар бойы мемлекеттік қызметтің әртүрлі саласында еңбек еттім. Сонда жинаған тәжірибемді қолдануға тырысамын», - деді Асқар Шәкіров.