Жер шетелдіктерге сатылмайды - Президент
Жер шетелдіктерге сатылмайды - Президент
Елордада ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Бірлескен отырыс барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жасауда.
Мемлекет басшысы жер мәселесіне тоқталып өтті.
Қ.Тоқаев: Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз.