Жаңалықтар

Тыңшылық қызметті заңдастыру керек пе?

ашық дереккөзі

Тыңшылық қызметті заңдастыру керек пе?

Жеке меншік тыңшыны заңдастыру мәселесі біздің елде бір емес, бірнеше рет көтеріліп келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2010 жылы жеке меншік агенттерді заңдастыруға арнайы тапсырма да берген болатын. 2012 жылы Әділет министрлігі алғашқы жобаны әзірлеп, Мәжілістің қарауына жіберді. Содан бері бұл заң әлі пысықталу үстінде. Жыры бітпеген жеке меншік тыңшыны заңдастыру жобасын депутаттар Мәжілісте қайталап қарап, байбына бара алмай отырғандығының бірнеше себептері бар.

Депутаттардың сөзіне сенсек, олар күні бүгінге дейін жасырын агенттердің жұмысын пысықтап, халықаралық адам құқықтарына сай заң жобасын әзірлеу үстінде болып шықты. Статистикалық мәлімет еліміздегі жеке меншік тыңшыларға деген сұраныстың көптігін көрсетіп отыр. Десе де бұл саланы кәсіби меңгерген маман жоқтың қасы. «Бізде кәсіби детективтер жоқ. Өйткені бұл салады мамандар ешқандай тәжірибие жинақтамаған. Алайда, бұл қызметке жүгінетіндер өте көп екен.

Сондықтан біз тыңшыларға қатысты заңды толықтырып, халықаралық адам құқығына сай етіп жасайтын боламыз. Ал, заң қашан дайын болатынын айта алмаймын, әлі әзірлік үстінде»,- деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Романовская. Ал заңгерлер жекеменшік детективтер Алматыда көп екендігін айтып отыр. Олар заңды белшеден басып,  қызмет құнын  қымсынбай ғаламтор бетінде жарнамалап, нәпақа тауып жүр. Кәсібіне рұқсат құжаты болмағандықтан, тұрақты мекен-жайы да, кеңселері де жоқ. Кейбір мәліметке сүйенсек, қызметінің құны 37 мың теңгеден басталатын көрінеді. Бұл қызмет түрін кәсіп кеткендердің басым көпшілігі бұрынғы полиция қызметкерлері болып шықты. Қазіргі таңда жұртшылық жасырын агентті көбінесе жарының адалдығын тексеру мен баласының тірлігін анықтауға жалдайды екен. Тыңшылар жұмысының нәтижесін фото немесе бейнетүсірілім арқылы тапсырады. Ал, дайындалып жатқан заңнамада бұл қызметтерге рұқсат жоқ. Біздің елдегі заңға сәйкес, адамның жүріс-тұрысын, суретке, бейнебақылауға т.б қатаң тыйым салынған.

Бұл жағдайда жасырын агенттіктердің қызметі заңға қарама қайшы келіп отыр. Тыңшылықты кәсіп кеткендердің осы мәселені біржақты шешіп, заңсыз жұмыс жасауға мүмкіндік берілуін сұрап отыр. Жекеменшік тыңшылық агенттіктер дайындалып жатқан заңнамада жеке меншік детективтерге шектеудің шектен тыс қойылып отырғандығын,  жасырын тыңшының жұмысын оңтайландыру қажет екендігін айтуда. Егер заң аясында жекеменшік агенттіктерге жағдай жасалса, құқұқ қорғаушылардың қолы ұзарып, ісі жеңілдейді дегенді алға тартады тыңшылар. Бұл мәселенің соңына майшаммен түскен депутаттар елімізде із-түссіз жоғалған азаматтар мен бағалы мүліктерді іздестіруге білікті тәртіп сақшыларының қызметі ауадай қажет екендігін ескеріп, бұл қызметтің жаңа түрін зейнетке шыққан полицейлерге беру керектігін айтып отыр. Қалай болған күн де қабылданған заң адам құқығын қорғауға бағытталатыны сөзсіз.