Жезл қайта жолға шықты

Жезл қайта жолға шықты

Жезл қайта жолға шықты
ашық дереккөзі
Қазақстанда жол қозғалысын реттеу үшін жезлдарды қайта қолдана бастады. ҚР  ІІМ баспасөз қызметі осындай мәлімдеме жасады. 1 қыркүйектен бастап полиция қызметкерлеріне жезл қайтарылды. Ведомство өкілдері ол тек жол қозғалысын реттеу үшін пайдаланылатын хабарлады. "Жезл әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында және көрініс нашар кезде, сондай-ақ, көлік құралдарын мынадай жағдайларда бағыттау үшін пайдаланылады: - жол-көлік оқиғалары және кептеліс кезінде, оның ішінде бағдаршамдар сөнгенде; - көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру; - терроризмге қарсы операцияларды және (немесе) күзет іс-шараларын өткізу; - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарын болдырмау және (немесе) жою кезінде", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Полиция қызметкерлері көлік қозғалысын реттеуде жезлмен бірге жарық шағылыстырғыш кеудеше мен қолғап киіп тұрады. Сондай-ақ, олар қосымша сигнал беру үшін ысқырғыш пайдаланады. Жезлдарды қайтаруға бюджеттен ақша бөлінбейді, себебі олар бар. Еске салсақ, қазақстандық полицейлер жезлды 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалануды тоқтатқан. Содан бері олар көлікті қолмен тоқтататын.