Жаңалықтар

Конституция күні өскемендік жастар жеке куәлік алды

ашық дереккөзі

Конституция күні өскемендік жастар жеке куәлік алды

Өскемен қалалық полиция басқармасының Көші-қон қызметі Конституция күнін салтанатты мерекеге айналдырып, жас жеткіншектерге жеке куәлік тапсырды, деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Конституция күні Көші-қон қызметі орталығы 16 жасқа толған жеткіншектерге арнап мерекелік шара ұйымдастырды. Жас жеткіншектердің өміріндегі маңызды күн ерекше есте қалары анық. Орталыққа бүгін арнайы бес ұл мен қыз бала шақырылған. Алғаш рет жеке куәлік алғандарды Көші-қон қызметінің бөлім бастығы Юлия Жандабекова құттықтады. Айта кетсек, қазақстандықтар бүгін Ата Заңымыз – Конституция күнін тойлап жатыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар. Мұның мәні – мемлекеттік органдар қабылдайтын заңдар мен нормативтік актілер Конституцияға қайшы келмейтін болуға тиіс дегенді білдіреді. Мемлекеттік органның қандайы болса да – жергілікті органдар да, орталық органдар да, кез келген лауазымды тұлға, барлық азаматтар, олардың бірлестіктері Конституция қағидаларын сақтауы керек.