1 қыркүйекте елордада жаңа гимназия ашылады

1 қыркүйекте елордада жаңа гимназия ашылады

1 қыркүйекте елордада жаңа гимназия ашылады
ашық дереккөзі
1 қыркүйекте елордада Абай атындағы № 87 мектеп-гимназиясының ашылу рәсімі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жаңа мектеп ғимараты А.Иманов және Е.Брусиловский көшелерінің қиылысында орналасқан. Шараға ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысады деп жоспарланған. Іс-шараға қатысушылар Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ашылған  «Абайтану» кабинеті мен мектеп мұражайын көре алады. Мектеп оқушылары өздерінің жобаларын «Жасыл технологиялар» және «Виртуалды ғылыми зертханалар» кабинеттерінде қонақтарға ұсынады.