Жаңалықтар

Абаев Желіде қызу талқыланған екі сиырға қатысты пікір білдірді

ашық дереккөзі

Абаев Желіде қызу талқыланған екі сиырға қатысты пікір білдірді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясының саяси кеңесінде екі сиыр жайлы айтқан сөзіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Ашығын айтқанда, мұндай шуды түсінбедім. (...) Екі сиыр туралы мысал онсыз да түсінікті ғой, ол сөздер мәліметті оңайырақ қабылдау үшін айтылды. Біреулер үшін екі сиыр үйінің маңындағы бір аумақ болса, біреулер үшін ол көлік жуатын орын немесе жол бойындағы кафе, ал тағы біреулер үшін сиыр тігіншілік болып саналса, басқалары оны азық-түлік сататын орын ретінде көреді", - деді министр "Хабар" телеарнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында. "Қазіргі таңда екі сиырдың шаруашылыққа әкелер табысын есептеп жатқан сарапшыларға айтарым - Тұңғыш Президенттің өзі ауылдн шыққан, кішкентай кезінен бастап ата-анасына ауыр кезеңдерде шаруашылықпен көмектескен.", - деді Абаев. Министрдің айтуынша, Елбасы бұл сөзі арқылы қазақстандықтарға әр адамның өз күшіне өзі сенуі керектігін айтпақшы болған. Еске салайық, желіде бүгінге дейін екі сиыр жайлы түрлі пікірлер жазылып жатыр. Мұның алдында  вице-премьер Бердібек Сапарбаев екі сиырмен қалай ақша табуға болатынын түсіндірген болатын. 30 дамыған елдің қатарына кіргіміз келеді. Ол үшін балаларды жас кезінен еңбекке баулу керек", - деген еді Сапарбаев.