Жаңалықтар

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

ашық дереккөзі

Синоптиктер Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

Жұма, 30 тамыз күні еліміздің барлық қалаларында ауа сапасы қалыпты болады. «Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, еліміздің барлық қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.