Ордабасыда жоғалған бала сыныптасының үйінен табылды

29 тамыз, 2019 / Túrkistan Gazeti
ашық дереккөзі
Ордабасыда жоғалған бала сыныптасының үйінен табылды Түркістан облысы, Ордабасы ауданыда жоғалған бала сыныптасының үйінен табылды. Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, баласын жоғалтқан ата-ана Ордабасы АПБ-не арызданған.  «Олар  күндізгі кеше 11:30-дар шамасында 11 жасар ұлының велосипедімен белгісіз бағытқа кетіп, қайта үйге оралмағанын айтты. Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде, жоғалған баланы келесі күні полицейлер сыныптасының үйінен тапты», - делінген департамент хабарламасында.