Айдын Ашуев Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Айдын Ашуев Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Айдын Ашуев Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Қаржы министрлігінің бұйрығымен Айдын Жұмабекұлы Ашуев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Айдын Ашуев 1976 жылы Алматы қаласында туған.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қаржы академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық секторда, «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ, ҚР Статистика агенттігінде жұмыс істеді, «Ақпараттық есептеу орталығы» РМК басқарды.

2019 жылдың қаңтарынан қазірге дейін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алулар комитетінің төрағасы болып қызмет етті.