Димаштың азаматтығы

Димаштың азаматтығы

Димаштың азаматтығы
ашық дереккөзі
Қазақтың әлемге танылған әншісі Димаш Құдайбергеннің барлық елде табынушылары бар. Оны өз көзімен көріп, концертіне барып әнін өз құлағымен тыңдағысы келетіндердің есеп-саны жоқ. Сондықтан оны барлық мемлекет өз жерінде концерт беруге шақыруда. Димаш бұл жолы Татарстанға барып, ел астанасы Қазан қаласында өткен «World Skills Kazan 2019» шарасының жабылуында  өнер көрсеткен-ді.  Шараға қатыспас бұрын қазақ әншісі әкесі Қанат Айтбаев, до­сы Ерлан Бекчурин және шежіреші Макси Покидов төртеуі Қа­зандағы балалар хосписіне барды. Онда ол ауыр дертке шалдыққан Лейсан есімді қызды көруге барды. Себебі, Лейсан да Димаш өнерінің табынушыларының бірі. Бірақ оның Димаштың концертіне сәті түспеген. Денсаулығының кінараты мүмкіндік бермеген. Лейсан Ресейлік танымал жүргізуші Андрей Малаховтың бағдарламасына қатысып, онда ол ғажайып дауысты Димаштың әні өзіне рухани күш беретінін, оның әнін тыңдау арқылы өмірге ғашық бола түсетінін айтқан болатын. Міне осыны естіген Димаштың командасы науқас қыздың тілегін орындауды өздеріне парыз санап, Лейсанды қуандырды. Сондай-ақ Димаш Татарстан президентімен кездескен. Бұл жайында ол Instagram-дағы парақшасында: «Қазанда 45-World Skills байқауының жабылу салтанатынан соң ел президенті Рустам Миннихановпен кездестік. Татарстан халқына қонақжайлылығы мен айрықша ілтипаты үшін алғыс білдіре­мін!» – деп жазба қалдырды.