Жаңалықтар

А. Көлгінов мектеп бойында салынған асфальт сапасын тексерді

ашық дереккөзі

А. Көлгінов мектеп бойында салынған асфальт сапасын тексерді

Елорда әкімі А. Көлгінов «Байқоңыр» ауданының жөнделген көшелерін аралап, №87 мектептің оқу жылына дайындығын тексерді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.  Мектеп құрылысы Байқоңыр ауданын көркейте түсті. Радищев көшесінің тұрғындары үшін асфальт төселді. Қала әкімі атап өткендей, жаңбыр кезінде су тұрғындардың үйлері мен аулаларына кірмеуі үшін ағызу жүйесін ойластыру қажет. Сондай-ақ, Морозов көшесінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. «Оқу орны жақын маңда орналасқан № 5 және № 16 мектептеріндегі оқушылардың тым көп болуын реттейді. Мектеп инженерлік желілерге қосылған», - деді А. Көлгінов. А. Көлгінов кейбір білім беру мекемелерінде кірме жолдармен проблемалар бар екенін, жаңа мектепте 4 кірме жолы қарастырғанын атап өтті. Елордада барлығы 108 мектеп, 162 мың оқушы бар. 5 жыл ішінде 40 білім беру нысанының құрылысы жоспарлануда. Осы оқу жылы бірінші сыныпқа 24 мың оқушы барады.