Ауыл әйелдерінің форумы өтті

Ауыл әйелдерінің форумы өтті

Ауыл әйелдерінің форумы өтті
ашық дереккөзі
Бүгін Көкшетау қаласында Ақмола өңіріндегі ауыл әйелдерінің форумы өтті. Оған Мәжіліс депутаты Майра Айсина қатысты. Алқалы жиында Майра Айсина  ауылдық жерлердегі әлеуметтік-экономикалық даму, әйелдерді қолдау және жұмысқа орналастыру мәселелерін қозғады. Бүгінде Ақмола облысында мемлекеттік басқару органдарында еңбек ететін әйелдердің үлесі артып келеді. Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 276 депутаттың 70-ін нәзік жандылар құраса, 532 жергілік атқарушы органдардың 147-ісінде әйелдер басшылық қызметтерде істейді. 56 әйел селолық округтердің әкімдері болып қызмет етуде. Шаруа қожалықтарын басқарып отырған әйелдер де бар. Шамамен 400 әйел «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының арқасында өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Үстіміздегі жылы 662 әйел кәсіпкерлік негіздеріне оқытылған. Бұл күні форумға арнайы келген басқа да меймандар өз ойларын ортаға салып, «Ауылдық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы», «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, бюджеттің төртінші деңгейі» тақырыптарын пленарлық отырыстарда кеңінен талқылады. Аудандардан келген қатысушылар министрлік өкілдеріне толғандарын сауалдарын қойып, өтініш- тілектерін жеткізді.