"Жалақым бұрынғыдай. Дегенмен еңбек өтіліне байланысты жоғарылайтынын білесіз ғой. Бірдей жұмыс болғанымен, елордада ауқымдырақ", - деп жауап берді қала басшысы.
Оның айтуынша, астанаға отбасымен бірге көшіп келіпті. "Бұрын мұнда 11 жыл тұрған едім, сол себепті туған қалам сияқты. Отбасым осында, 1 қыркүйекте балаларым сабаққа барады", - деді ол. Сондай-ақ әкім әлеуметтік желідегі парақшаларын өзі жүргізетінін айтты.