120 кәсіптік стандарт дайын - Бердібек Сапарбаев
120 кәсіптік стандарт дайын - Бердібек Сапарбаев
Қазақстанда жыл дейін дайын болуы тиіс стандарттың 120-сы әзір. Бұл туралы бүгін Салалық кәсіптік стандарттарды әзірлеу мәселелері бойынша біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, экономикамыздың әрбір саласына қатысты жұмыс топтары құрылған болатын. Осыған дейін өздеріңізбен 1-2 кездесу өткіздік. Бүгінгі біздің мақсатымыз - сол тапсырмалардың қандай деңгейде орындалып жатқанын саралау. Оның үстіне қазіргі таңдағы үлкен мәселелердің бірі - мамандарымыздың сапасын, біліктілігін арттыру, қазіргі эконмиканың сұранысына қарай кәсіби деңгейі жоғары мамандар дайындау», - деді ол.
Осы ретте вице-премьер биылғы жылдың соңына дейін 480 кәсіптік стандарт әзірленуі тиістігін еске салды. «Қазіргі таңда оның 120-ға жуығы дайындалды. Алдағы 4 айдың ішінде қалғанын дайындап бітуіміз керек. Осы берілген тапсырмаларды орындау үшін әрбір министрлік басшысының орынбасарлары өзінің саласындағы кәсіптік стандартты дайындауға жауап береді», - деді Бердібек Сапарбаев.