Бельгияда трамвай үйге соғылып, бес адам зардап шекті

Бельгияда трамвай үйге соғылып, бес адам зардап шекті

Бельгияда трамвай үйге соғылып, бес адам зардап шекті
ашық дереккөзі
Бельгияның Антверпен қаласының Дюрне ауданында 30 метрлік трамвай рельстен шығып кетіп, тұрғын үйге соғылды. Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды жергілікті Gazet van Antwerpen газеті. «Сейсенбі күні кешкісін Дюрнедегі Крёслей және Букенгберглеи көшелерінің қиылысында 30 метрлік трамвай рельстен шығып кетіп, тұрғын үйге соғылды. Оқиға салдарынан трамвайдың жүргізушісі мен төрт жолаушы зардап шекті», - делінген хабарламада. Зардап шеккендердің арасынан екі адам ауыр жарақаттанды. Тұрғын үйден 15 адам эвакуацияланды.