Қали Сәрсенбайға академик атағы берілді
Қали Сәрсенбайға академик атағы берілді
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қали Сәрсенбайға «KAZGOR» жобалау академиясының академигі атағы берілді.
Таяуда аталған академия ұжымы жазушымен кездесу өткізді. Келер жылы құрылғанына 90 жыл толатын мекемеде халқымыздың белгілі, тұлғалы азаматтарымен кездесу өткізіп отыру дәстүрге айналған екен. Қ.Сәрсенбаймен болған кездесуді академияның қаржы директоры Асқар Юсупов кіріспе сөз сөйлеп ашты. Ал академия президенті Айдар Тәтіғұлов, бас сәулетші Тоқтар Ералиев мұндай кездесулердің мән-маңызына айрықша тоқталып өтті. Сондай-ақ, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Тұран» университетінің ректоры, профессор Р.Алшанов, белгілі қаламгер, «Парасат» орденінің иегері З.Асабаев қаламгер шығармашылығы туралы әңгімелеп берді.
Кездесуде қаламгерге «KAZGOR» жобалау академиясының академигі атағы беріліп, 60 жылдық мерейтойына орай құттықтау хаты табыс етілді.
"Түркістан-ақпарат"