Алмалы ауданының тұрғындары ескі үйлерді сүруге түсіністікпен қарады – Сағынтаев

Алмалы ауданының тұрғындары ескі үйлерді сүруге түсіністікпен қарады – Сағынтаев

Алмалы ауданының тұрғындары ескі үйлерді сүруге түсіністікпен қарады – Сағынтаев
ашық дереккөзі
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис аудандарының тұрғындарымен кездесуді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  «Кезекті кездесу кезінде Алмалы ауданының тұрғындары уақыт пен қаржылық шығынды қажет ететін міндеттерді іске асыруға түсіністікпен қарады. Олар — ескі үйлерді сүру, бала бақшаларды жөндеу және мектептер жанынан қосалқы нысандар салу. Жаяу жүргіншілер аумағы мен демалыс орындарын кеңейту бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастыру ұсынылды», - деп жазды Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев instagram парақшасында. Кездесу барысында түрлі мәселелер көтерілді. «Өте маңызды өтініш айтылды, яғни қалаға инсульттан оңалту орталығы қажет. Бұл мәселе зерттелу үстінде. Мақсат — Алматыда заманауи көпбейінді медициналық кешен салу»,- деді қала басшысы. Сағынтаевпен кездесуге егде жандар көп келді. «Кездесу кезінде әр үйге жауапты үлкендер белсенділік танытты. Бұл әрине, жақсы, өйткені олар орын алған проблемаларды және оларды шешу жолдарын біледі, тұрғын үйлер мен аулалардың жағдайын қадағалайды, ПИК-тердің жұмысын жақсартуға ықпал етеді. Жұмыстың мұндай үлгілерін тарату қажет»,-деп жазды әкім.