Жаңалықтар

БҚО, Атырау, Маңғыстау облыстарында жел күшейеді

ашық дереккөзі

БҚО, Атырау, Маңғыстау облыстарында жел күшейеді

Еліміздің батысындағы өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. Күндіз 28 тамызда Атырау облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, жел екпіні 15-20 м/с күтіледі. Сол күні күндіз Атырау қаласында найзағай, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал. 28 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз кей жерлерінде солтүстік батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Сол күні күндіз Орал қаласында найзағай, солтүстік батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.    28 тамызда күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, жел солтүстік шығыстан, солтүстік батысқа ауысады, екпіні 5-20 м/с болуы ықтимал.