Ерікпеңіз, Ертісбаев!
Ерікпеңіз, Ертісбаев!
Енді жақында жұмыссыз қалған ол Tengrinews.kz порталына сұхбат беріпті. Сұхбаттың тақырыбы да «айқайлап» тұр: «Пора вернуть название Алма-Ата?" Ермухамет Ертысбаев возвращается в Казахстан» (Алма-ата атауын қайтаратын кез келді ме? Ермұхамет Ертісбаев Қазақстанға оралады – ред.). Е.Ертісбаев сұхбатында қазір Алматының адам танымастай өзгеріп, құлпырғанын айта келіп, «Айтпақшы, елордамыз Нұр-Сұлтан дефис арқылы жазылатын болса, бәріміз үшін де сүйкімді (!) «Алма-ата» атауын да қайтаратын уақыт жеткен шығар?» депті. Адам жұмыссыз қалдым екен деп, ойға не түссе соны айта беруге бола ма? Қанша дегенмен, неше жыл бойы дипломат болып қызмет атқарғаны бар, әдеп сақтап, онсыз да қамысқа тиген өрттей лаулап жанғалы тұрған көңіл-күйді одан сайын өршітпей, ел-жұрттың қитығына тимей, жөнімен отырса болар еді-ау! Не дейміз, «ауру қалса да, әдет қалмайды» деген. Ерікпеңіз, Ермұхамет мырза!
Ә.Байбол.