Алакөл жағалауында 2 бесжұлдызды қонақ үй бой көтермек

Алакөл жағалауында 2 бесжұлдызды қонақ үй бой көтермек

Алакөл жағалауында 2 бесжұлдызды қонақ үй бой көтермек
ашық дереккөзі

Еліміздегі танымал демалыс орындарының бірі – Алакөл жағалауында екі үлкен бесжұлдызды қонақ үй бой көтермек. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов хабарлады.

«Қазіргі таңда Алакөлдің жағалауында ірі инвесторлар екі бес жұлдызды қонақүй – «AQUAMARINE resort» и «Falcon Petroleum» салуды бастады. Демалыс орындарына 93,8 км электрмен жабдықтау желілері жүргізіліп, автомобиль жолдары жөнделуде. Сондай-ақ, «Достық» станциясына дейін темір жол қатынасы ашылды. Болашқата Үшаралда әуежай ашу жоспарда бар», – деді облыс әкімі. Амандық Баталовтың айтуынша, жасалған жұмыстардың нәтижесінде осы жылы Алакөл және Балқаш көлдеріндегі демалушылардың саны 1,4 есеге, яғни, 138 мың адамға дейін өскен. Айта кетейік, Алакөлдің суы көптеген ауруларға ем. Адам денесіндегі қотырлар мен жаралар бірер түскен соң, сыпырылып түсіп қалады. Суға түсіп шыққанда, көңілің өсіп, қанағат табады. Алакөлдің шипалы суын шетелдіктер де жақсы білетін болғандықтан, тек Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, сонау Ресейден, Украинадан, Орталық Азия елдерінен келіп демалып, денсаулығын нығайтып қайтып жатады. Жаздың шуақты ыстық айларында бұл араға кемінде 100-150 мың адамға дейін келіп кетеді.