Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды

Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды

Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап. ҚазАқпарат қаулының толық мәтінін ұсынады. 2020 жылы  Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық  және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау  және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) қосымшаға сәйкес құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын Мемлекеттік  комиссияның   қарауына 2019 жылғы 1 қазанға дейін енгізуді қамтамасыз етсін. 4. Мемлекеттік комиссия: 1) Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды 2019 жылғы 1 қарашаға дейін бекітсін; 2)  осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын. 5. «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы» Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 55 Жарлығының 1-тармағы 1), 2) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын. 6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының        Президенті                           Қ. Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 26 тамыз № 134