Автобуспен бетпе-бет соқтығысқан олимпиада чемпионы аман қалды
Автобуспен бетпе-бет соқтығысқан олимпиада чемпионы аман қалды
Жүгіруден екі дүркін әлем чемпионы, кениялық Дэвид Рудиша ірі жол апатынан кейін аман қалды. Бұл туралы 30 жастағы спортшы Twitter-аккаунтында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Kenyans.co.ke ақпаратына сәйкес, Рудишидің автокөлігінің доңғалағы жарылып, салдарынан автобусқа соғылған. Спортшы ауруханаға жеткізілгеннен кейін денесінен ешқандай жарақаттар табылмаған. Артынан жеңіл атлетші ауруханадан шығарылды. «Сенбі күні кешкісін мен Килгориске үйіме бара жатқан жолда Керокеде сұмдық жол апатына түстім. Автобуспен бетпе-бет соғылып, аман қалдым. Жағдайым тәуір, тіпті жарақат алған жоқпын. Дұға-тілектеріңіз үшін рахмет!», - деп жазды Рудиша. Кениялық спортшы екі дүркін олимпиада чемпионы (2012 және 2016 жылдары) атанған, 800 метрге жүгіруден 2011 және 2015 жылдардағы әлемдік біріншіліктердің екі дүркін жеңімпазы. Ол дәл осы қашықтықта әлемдік рекордты жаңартты.