Қазақстанда Әбу Насыр әл-Фарабидің 1 150 жылдық мерейтойын өткізетін комиссия құрылды

Қазақстанда Әбу Насыр әл-Фарабидің 1 150 жылдық мерейтойын өткізетін комиссия құрылды

Қазақстанда Әбу Насыр әл-Фарабидің 1 150 жылдық мерейтойын өткізетін комиссия құрылды
ашық дереккөзі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әбу Насыр әл-Фарабидің 1 150 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап. Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы 2020 жылы  Әбу Насыр әл-Фарабидің  1 150 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау  және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) қосымшаға сәйкес құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Әбу  Насыр әл-Фарабидің    1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын Мемлекеттік  комиссияның   қарауына 2019 жылғы 1 қазанға дейін енгізуді қамтамасыз етсін. 4. Мемлекеттік комиссия: 1) Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды 2019 жылғы 1 қарашаға дейін бекітсін; 2)  осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті  Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 26 тамыз