Ерлан Қошанов Президенттің Қарағанды облысына жасаған сапары бойынша тапсырма берді

Ерлан Қошанов Президенттің Қарағанды облысына жасаған сапары бойынша тапсырма берді

Ерлан Қошанов Президенттің Қарағанды облысына жасаған сапары бойынша тапсырма берді
ашық дереккөзі
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов аппараттық жиналыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірімізге жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап. Тапсырмалар облыстың индустриялық-инновациялық және әлеуметтік дамуына қатысты болды. «Сарыарқа» ЕЭА-на сапар барысында Мемлекет басшысы өңдеуші өнеркәсіп көлемін арттыру және экспорттаушыларға сервистік қолдау көрсету қажеттігін атап өтті. - Бізге қарапайым заттар экономикасы саласында жұмысты жалғастыру керек. Бұл қазіргі таңда ерекше назарды талап ететін басым бағыт. Жобалық кеңсенің жұмысын күшейтуді, мақұлданған жобалардың санын арттыруды тапсырамын. Жаңа жобаларды іздеңіздер және өңдеңіздер. Әр кәсіпкермен жеке жұмыс істеу керек. Мемлекет басшысы біздің стратегиялық әріптесіміз – Германия екенін атап өтті. Бізде неміс инвесторлары бар. Солармен жұмыс істеңіздер, - деп тапсырды Ерлан Қошанов. Аймақ басшысы Қарағанды облысы өңірлік бәсекелестіктегі көшбасшылардың бірі болуы тиіс екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда салынып жатқан «Алфарух» көтерме-логистикалық орталығында болып қайтты. Нысанның ашылуы өңірдегі азық-түлік тауарларының құнын тасымалдауға жұмсалатын шығындарды қысқарту есебінен азайтуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы жобаның маңыздылығы мен өзектілігін бағалады. - Белсенді және сапалы маркетингтік жұмыс жүргізуді өндірушілерге біздің орталық туралы айтуды тапсырамын. Қажет болса, оларды осында шақырыңыздар, тұсаукесерлер өткізіңіздер. Жиналыста облыс әкімі сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне көшуге дайындықты күшейту қажеттігін атап өтті. Қарағанды облысында аталмыш жүйе бірінші қыркүйектен бастап пилоттық режімде енгізіледі. Сондай-ақ Ерлан Қошанов осы жылдың бірінші желтоқсанына дейін Қарағандының жаңа орталығын дамытудың толық стратегиясын пысықтап, ұсынуды тапсырды.