Қырғызстан мен Тәжікстандағы елшілер тағайындалды

Қырғызстан мен Тәжікстандағы елшілер тағайындалды

Қырғызстан мен Тәжікстандағы елшілер тағайындалды
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның Қырғызстан мен Түрікменстандағы елшілері тағайындалды. "Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Жарлықта. Осы қызметті атқарған Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. "Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Жарлықта. Жандос Әнуарұлы Асанов Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды. Получить короткую ссылку