Ғабидолла Оспанқұлов жаңа қызметке тағайындалды

Ғабидолла Оспанқұлов жаңа қызметке тағайындалды

Ғабидолла Оспанқұлов жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
Ғабидолла Оспанқұлов Nur Otan партиясының хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter желісіндегі парақшасында жазды. "Партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың келісімімен Ғабидолла Оспанқұлов Nur Otan партиясының Хатшысы болып тағайындалды. Партияны қайта жандандыру аясында оның білімі мен мол тәжірибесі Nur Otan партиясының идеологиялық саясатын күшейтіп, жастармен жұмысқа тың серпін береді деп сенемін", - деп жазды Б.Байбек.