Бақша балалары робот жасауды үйренбек

Бақша балалары робот жасауды үйренбек

Бақша балалары робот жасауды үйренбек
ашық дереккөзі
Курчатов қаласындағы "Журавушка" балабақшасында роботты техника үйірмесі ашылды. Онда бүлдіршіндер жаңа технологиялардың қыр-сырын меңгереді. Бұл кабинетті жабдықтауға төрт миллион теңге жұмсалды. Оған жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Сондай-ақ қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Осылайша, курчатовтық балақайлар биылғы оқу жылында конструктор жинауды меңгеріп, түрлі-түсті гаммамен танысып, сызбамен жұмыс істеуді үйренеді. "Кабинетте бүлдіршіндердің логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған", - дейді балабақша директорының міндетін атқарушы Ольга Ильина. Бүгінде аталмыш үйірмені жүргізетін барлық қызметкер арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, білімдерін шыңдап қайтыпты. Мұндағы басты мақсат – бүлдіршіндерге саналы тәрбие беріп, сапалы білім нәрімен сусындату. "Мұндай үйірме әзірше, облыс бойынша біздің қалада ғана ашылды", - дейді Ольга Ильина.