Жаңалықтар

Алматыда халықаралық тау фестивалі өтеді

ашық дереккөзі

Алматыда халықаралық тау фестивалі өтеді

Алматыда  28-31 тамыз аралығында  « IV International Mountain Festival» тау фестивалі өтеді. Шара аясында қаланың туризм нысандарын жаяу аралауға  мүмкіндік болады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шара қызықты бағдарламасымен ерекше болмақ:  тауға жүгіріп  шығып, төмен түсетін жарыстар, күндізгі және түнгі саяхаттар, ұлттық ойындар ұйымдастырылады. «Жібек жолы» этникалық жәрмеңкесі, шатырлы лагерлер, Алматы қаласының көрікті жерлерін аралауда назардан тыс қалмайды. Жарысқа қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапаталады. 2019 жылдың 28 тамызынан 31 тамызына дейін жаяу экскурсия өткізу жоспарланған.Тәжірбиелі гидтердің қатысуымен,  Алматы қаласының маңызды туристік нысандарын қамтиды. Бағдарлама маршруты:  28 - 29 тамыз «Ой - Қарағай» - «Букреев» шыңы - «Бутаковка шатқалы» - «Қимасаров шатқалы»; 29 - 30 тамыз «Қимасаров» шатқалындағы бақылау алаңына  түнгі сапар; 30 тамыз, «Қимасаров шатқалы» - «Бутакова шатқалы» - «Бутаковка сарқырамасы»; 30 - 31 тамыз «Қимасаров шатқалы» - «Фурманова шыңы» - «Медеу». Халықаралық тау фестиваліне  Қазақстаннан және басқа елдерден 5 мыңнан астам қонақ келеді деп күтілуде.